«Қазгидромет» РМК 23-25 тамыз күндергі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алдағы үш күнде елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта топырақ бетінде 2 градус үсік жүріп, тұман сақталады.
Ауа температурасы:
— батыста +30+35°С;
— солтүстік-батыста +23+33°С;
— солтүстікте +17+25-тен +23+30°С-қа дейін;
— орталықта +15+22-ден +20+31°С-қа дейін;
— шығыста +13+21-ден +20 +28°С-қа дейін;
— оңтүстікте +27+32°С;
— оңтүстік-шығыста +20+28°С.