Жуалы ауданында спорт күніне орай салтанатты жиын өтті

0 14
Жуалы ауданында  Бауыржан Момышұлы ауылындағы Орталық саябақта Спорт күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиынға Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Куньязов Рақымғазы Нұрғазыұлы, «Аманат» партиясының Жуалы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Нарымбеков Марат Аманғалиұлы, аудандық мәслихат аппаратының құқықтық және бақылау бөлімшесінің басшысы Сыпатаев Бақытжан Сәбитұлы, Жуалы ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Арзымбетов Мақсұтбек Әбдіұлы, Жуалы аудандық бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының директоры Баетов Жандос Рысбекұлы, Жуалы ауданындағы спорт мекемелерінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Рақымғазы Құниязов спортшылар мен спорт қызметкерлерін мерекемен құттықтап, аудан спортының дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан жаттықтырушыларға алғысын білдірді.
Сонымен қатар, «Аманат» партиясының Жуалы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Марат Нарымбеков, аудандық мәслихат аппаратының құқықтық және бақылау бөлімшесінің басшысы Бақытжан Сыпатаев, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов сөз сөйлеп, өз кезегінде барша спортшыларға ризашылығын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізді.
Салтанатты жиында спорт саласында табысты қызмет етіп жүрген азаматтар аудан әкімінің, «Аманат» партиясының, аудандық мәслихаттың, спорт бөлімінің «Құрмет грамоталарымен» және алғыс хаттарымен марапатталды.
Шара соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.