1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

0 12

— 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкім мәтінінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.