Қазақстанда мектеп формасы мен оқу құралдары қанша тұрады?

0 69

Елімізде бір оқушыны мектепке дайындау қанша тұрады? 1 қыркүйек қарсаңында ҚазАқпарат мектеп формасы мен кеңсе тауарларының өңірлер бойынша орташа бағасын назарларыңызға ұсынады.

Санаулы күннен соң елімізде жаңа оқу жылы басталады. Қазір оқушыларды мектепке дайындау науқаны қызу жүріп жатыр. Ата-аналар мектеп формасы мен оқу құралдарын сататын базар, дүкендерден керек-жарағын алып әлек.

Айта кетсек, Қазақстанда барлық оқушылар мектеп формасын киюге міндетті. Формаға қатысты әр өңірдің өз талабы бар. Негізінен еліміздегі оқушылар қою көк түсті форма киеді.

Қазақстанның барлық өңірі бойынша бағаны салыстырып, мектеп формасы мен кеңсе тауарларының ортақ бағасын шығару қиынға соғады. Себебі баға әр аймақта әртүрлі және кейбір өңірлерде айтарлықтай айырмашылық бар. Одан бөлек бір өңірдің өзінде тауар сапасына байланысты оның бағасында едәуір айырмашылық болуы мүмкін. Тағы бір ескерер жайт, өңірлер бойынша көбіне орташа баға алынып отыр, яғни одан арзан да, одан қымбат та бағалар болуы ықтимал.

Сонымен ЕЛОРДАДАН бастасақ. Ер баланың пиджагі сапасына қарай 10 мың теңгеден басталады, шалбар 6000 теңге, ақ көйлек 5000-7000 теңге. Галстук 1500-2000 теңге, ал туфли 12000-20000 теңге тұрады. Рюкзактың бағасы 7000-10000 теңге арасы.

Қыз балаға келсек, блузка 7000-10 000 теңге, пиджак 10 000 теңге, сарафан 7000-10 000 теңге, юбка 8000 теңгеден жоғары. Туфли 15 000 теңге, ал бантик 1-2 мың теңге, ал рюкзактың бағасы ұлдардікімен шамалас.

Кеңсе тауарлары бойынша бір оқушыға қажетті оқу құралдары 10 мың теңгеден асып түседі. Атап айтқанда, астанада 12 беттік дәптер 45 теңге тұрады, қалың дәптер 245 – 605 теңге аралығында, дәптердің тысы (ішінде 20 дана бар) 350 теңге, ал кітаптың қабы (20 дана) 500-1500 теңге аралығында. Қалам 60-580 теңге, қарындаш 65-350 теңге, қаламсап (пенал) 1500-3000 теңге, күнделік 890-1250 теңге, түрлі түсті қарындаш 795-5700 теңгеге дейін барады. Фломастер 2040-5040 теңге, сызғыш 180-1900 теңге, қайшы 325-2280 теңге, түрлі түсті қағаз 540-1100 теңге, акварель 315-2000 теңге, гуашь 1060-4015 теңге, сурет салатын альбом 160-650 теңге, желім 150-595 теңге, өшіргіш 100-400 теңге және қалам ұштағыш 125 теңгеден басталып 895 теңгеге дейін барады.

Еліміздің қалған өңірлері бойынша төмендегі тізім арқылы танысуға болады.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

Пиджак -12000, жилет – 6000, шалбар -7000 теңге аралығында;

Белдемше — 7000 мың теңге;

Блузка-көйлек- 5000 теңге;

Жейде 5000 теңге;

Галстук-2 мың теңге;

Сөмке – 5 000-25000 теңге аралығында;

Аяқ киім — 5 мың теңгеден жоғары;

Спорттық киім- 10 мың теңгеден басталады;

Кеңсе тауарлары:

Дәптер-45 теңге ( тор көз, қисық жол, үлкен жол);

Қалың дәптер- 250 теңгеден басталады.

ШЫМКЕНТ

— Кеңсе тауарлары — 19 385 теңге;

— Пәндік дәптерлер қабымен – 4000 теңге;

— Ақ көйлектер (жеңі ұзын,қысқа, тенниска) — 18 500 теңге;

— Шалбар — 10 000 теңге;

— Аяқ киім (туфли, кроссовка) — 18 500 теңге;

— Сөмке — 8 500 теңге.

АҚТАУ

Ұлдарға:

Ақ көйлек – 5000-6000 теңге;

Шалбар – 9000-12000 теңге;

Мәйке – 1000-1500 теңге;

Галстук – 1500 теңге;

Туфли – 10000-15000 теңге;

Кроссовки – 10000 теңге;

Спорттық трико – 4000 теңге;

Футболка – 3500-5000 теңге.

Қыздарға:

Блузка – 5000-6000 теңге;

Белдемше – 7000 теңге;

Шалбар – 8000 теңге;

Ақ мәйке – 1500 теңге;

Ақ бантик – 750 теңге;

Туфли – 15000-20000 теңге;

Кроссовки– 10000-13000 теңге;

Спорттық трико – 8000 теңге;

Футболка – 4000-6000 теңге.

Кеңсе тауарлары:

Сөмке – 6000 теңге;

Қаламсап – 50-100 теңге;

Қарындаш – 60 теңге

Өшіргіш – 130 теңге;

Жұмсақ пенал – 1500 теңге;

Ұштағыш – 60 теңге;

Сызғыш – 100 теңге;

Тор көзді дәптер – 45 теңге;

Қисық жол дәптер – 45 теңге;

Кітапқа арналған қаптағыш – 70 теңге;

Мұқабасы қатты күнделік – 550 теңге;

Дәптерге арналған қаптағыш — 60 теңге;

Акварель қарындаштар – 2400 теңге;

Қылқалам жиынтығы – 800 теңге;

Түрлі-түсті қарындаш (12 түс) – 700 теңге;

Сурет салуға арналған альбом (24 бет) – 360 теңге;

Фломастер (12 түс) – 450 теңге;

Қайшы – 340 теңге;

Желім – 260 теңге;

Түрлі-түсті қағаз – 350 теңге;

Ермексаз – 1300 теңге.

АҚТӨБЕ

Ақ жейде (қыз) 5-6 мың теңгеден басталады.

Жакет, шалбар (ұл) 15-20 мың теңге;

Іш киімі 600-1000 теңге;

Ақ көйлек (ұл) 3500 теңгеден басталады;

Сарафан 8 мың теңгеден басталады;

Белдемше, жакет (қыз) 10-20 мың теңге;

Аяқ киім құны 10-20 мың теңге;

Сумка 5 мың теңгеден басталады.

Ақ футболка 2 мың теңге;

Трико 5-6 мың теңгеден табылады.

Кеңсе тауарлары:

12 бет дәптер 40-45 теңге;

Қалың дәптер 85-160 теңге;

Қаламсап 700-900 теңге;

Қалам 55-200 теңге;

Қара қарындаш 30 теңге;

Түрлі-түсті қарындаш 320-1200 теңге;

Күнделік 560-800 теңге.

АТЫРАУ

Костюм-шалбар – 15-29 мың теңге;

Көйлек (ұл), блузка (қыз) – 7-12 мың теңге;

Шалбар – 6500 теңге;

Юбка – 8-12 мың теңге;

Сарафан – 12-16 мың теңге;

Аяқ киім – 9 мың теңгеден басталады;

Спорттық аяқ киім – 10-15 мың теңге;

Сөмке 6500-10 мың теңге;

Дәптер (кең көз, тор көз) бір данасы – 45 теңге,

Дәптер (қисық көз) бір данасы – 40 теңге;

Мұқабасы қатты күнделік – 800 теңге;

Сызғыш – 100-350 теңге;

Өшіргіш – 130-500 теңге;

Ұштағыш – 300-700 теңге;

Желім – 350 теңге;

Жұмсақ пенал – 1300 теңге;

Бояу карандаш (12 дана) – 1200 теңге;

Қалам – 50-80 теңге;

Ермексаз – 1000 теңге.

ЖЕЗҚАЗҒАН

Костюм ең арзаны 15000 теңге;

Жейде 8000 теңгеден басталады.

ҚАРАҒАНДЫ

Костюм кем дегенде 20-25 мың.

Көйлек (жейде) 10 мың теңге көлемінде.

Жәрмеңкеде костюм-шалбар 15000 теңге.

ҚОНАЕВ

Орташа баға 4 мың теңгеден басталады;

Жейде (қыз) 3,5 мың теңгеден басталады;

Жейде (ұл) 3-3,5 мың теңгеден басталады;

Шалбар 3,5-4 мың теңге;

ҚОСТАНАЙ

Ұл

Костюм 16000-17000 теңге;

Ақ көйлек 3500-7000 теңге;

Туфли 7000-8000 теңге.

Спорттық киім 10000-18000 теңге.

Кроссовки 7000-20000 теңге.

Рюкзак 6000-35 000 теңге.

Қыз

Юбка 3000-4500 теңге;

Сарафан 4500 теңге;

Жейде (кофта) 5000-6000 теңге;

Туфли 7500 теңгеден басталады.

Кроссовки 7000-20000 теңге;

Рюкзак 6000-35 000 теңге.

ҚЫЗЫЛОРДА

Костюм-шалбар 20000-35000 теңге;

Көйлек 4000-10000 теңге;

Шалбар 5000-12000 теңге;

Юбка 4000-6000 теңге;

Сарафан 10000-12000 теңге;

Аяқ киім 5000-15000 теңге;

Спорттық аяқ киім 5000-15000 теңге;

Сөмке 4000-12000 теңге;

Дәптер 25-40 теңге;

Мұқабасы қатты күнделік 500-1000 теңге;

Сызғыш 100-120 теңге;

Өшіргіш 50-100 теңге;

Ұштағыш 100 теңге;

Желім 200-250 теңге;

Жұмсақ пенал 500 теңге;

Бояу қарындаш 450 теңге;

Қалам 40 теңге;

Ермексаз 650.

КӨКШЕТАУ

Костюм-шалбар 17-20 мың теңге;

Юбка — 8 мың теңге;

Жилетка — 6 мың теңге;

Блузка-көйлек-7-10 мың теңге;

Сөмке — 6-20 мың теңге;

Аяқ киім — 8-25 мың теңге;

Кеңсе тауарлары — 10 мың теңге;

Дәптер -55 теңге, қалың дәптер- 300-800 теңге;

Жейде 5-10 мың теңге.

ОРАЛ

1 сынып оқушысына:

Костюм-шалбар 15 мыңнан басталады;

Қызға юбка-жилет 7-9 мың;

Сумка (қыз) 6 мың теңгеден басталады;

Сумка (ұл) 5 мың теңгеден жоғары;

Аяқкиім

Қызға 6-8 мың теңге;

Ұлға 7 мың теңге;

Кеңсе тауарлары 10 мың теңгеден жоғары;

Дәптер 45 теңге, қалың дәптер 150 теңге.

ӨСКЕМЕН

Ұлдарда:

Ақ көйлек – 4000 теңге;

Шалбар – 6000 теңге;

Мәйке – 1000 теңге;

Галстук – 700 теңге;

Туфли – 10000 теңге;

Кроссовки – 6000 теңге;

Спорттық трико – 4000 теңге;

Футболка – 1500 теңге.

Қыздарға:

Блузка – 5000 теңге;

Белдемше – 4500 теңге;

Шалбар – 6500 теңге;

Ақ мәйке – 1000 теңге;

Ақ бантик – бір данасы 250 теңге;

Туфли – 10000 теңге;

Кроссовка – 6000 теңге

Спорттық трико – 4000 теңге

Футболка – 1500 теңге

Кеңсе тауарлары:

Сөмке – 9000 теңге;

Қаламсап – 50 теңге;

Қарындаш – 50 теңге;

Өшіргіш – 80 теңге;

Жұмсақ пенал – 700 теңге;

Ұштағыш – 60 теңге;

Сызғыш – 60 теңге;

Тор көзді дәптер – 45 теңге;

Қисық жол дәптер – 45 теңге;

Кітапқа арналған қаптағыш – 70 теңге;

Мұқабасы қатты күнделік – 600 теңге;

Дәптерге арналған қаптағыш – 60 теңге;

Акварель бояулар – (12 түс) – 500 теңге;

Қылқалам жиынтығы – 750 теңге;

Түрлі-түсті қарындаш (12 түс) – 650 теңге;

Сурет салуға арналған альбом (16 бет) – 250 теңге;

Фломастер (12 түс) – 450 теңге;

Қайшы – 250 теңге;

Желім – 250 теңге;

Түрлі-түсті қағаз – 350 теңге;

Ермексаз – 570 теңге.

ПАВЛОДАР

Аяқ киім 10 мың теңгеден жоғары

Қалың дәптер 300 теңгеден басталады

Жейде 10 мың теңгеден басталады

Пиджак 15-20 мың теңгеден басталады

Шалбар қыз балаға 9-10 мың теңгеден басталады

Спорт киімі 11-15 мың теңгеге дейін

Күнделік 1000 теңгеден

ПЕТРОПАВЛ

Ұлдарға:

Мектеп формасы /пиджак-шалбар/ — ең арзаны 5 мың теңге. 17-18 мың теңге орташа бағасы.

Аяқ-киім-туфли 6 мың теңгеден 20 мыңға дейін;

Жейде ең арзаны 4 мың теңге;

Майка 800 теңгеден жоғары;

Қара шалбар 3,5 -5,5 мың теңге;

Сөмке 6 мың теңгеден басталады;

Спорт формасы 6-8 мың теңге;

Түрік пиджактары 17 мың теңге;

Жилетка 5-10 мың теңге.

Қыздарға:

Шалбар 3,5 мың теңгеден жоғары;

Қара шалбар-пиджак 11 мың теңгеден басталады;

Колготки 800 теңгеден басталады;

Спорттық костюм 8,5 мың теңгеден басталады;

Сарафан 3-8 мың теңге аралығында;

Юбка 5,5 мың теңгеден басталады;

Ақ көйлек 6 мың теңгеден жоғары;

Туфли – 8 мың теңгеден жоғары;

Кеңсе тауарлары

Дәптер – 50 теңге;

Ермексаз – 600 теңгеден жоғары;

Қалың дәптер 250-ден жоғары;

Сурет салатын дәптер 40 бет – 450 теңгеден жоғары;

Акварель краска – 700 теңгеден жоғары;

Түрлі-түсті қарындаш 400 теңгеден жоғары.

СЕМЕЙ

Ұл (костюм, шалбар және ақ көйлек) — 12000 теңге;

Қыз (көйлек пен белдемше) – 10500 теңге;

Туфли — 7-8 мың теңге;

Сөмке — 10 мыңнан басталады.

ТАЛДЫҚОРҒАН

Жейде (кофта) 4500 теңге,

Шалбар 4000 теңгеден жоғары.

ТАРАЗ

Костюм-шалбар 17-20 мың теңге;

Юбка-жилет 8-11 мың теңге;

Сөмке 5,5-15 мың теңге;

Аяқ киім 8-25 мың теңге;

Кеңсе тауарлары 10 мың теңге;

Дәптер 40 теңге, қалың дәптер 300-800 теңге;

Жейде 4,5-9 мың теңге.

ТҮРКІСТАН

Костюм-шалбар 12 500- 20 000 теңге;

Юбка-5-10 мың теңге;

Жилетка-6 мың теңге;

Блузка-көйлек-5500 теңге;

Сөмке – 5 000 теңге;

Аяқ киім — 9 мың теңге;

Кеңсе тауарлары-10 мың теңге.

Дәптер-38 теңге, қалың дәптер — 200 теңге.

Жейде 4-10 мың теңге.

Leave A Reply

Your email address will not be published.