Президент Жолдауы тікелей эфирден көрсетіледі

0 10

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сонымен қатар ҚР Президенті Баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады» делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.