Бүгінде азат еліміздің, ең қастерлі құндылығы болып табылатын Ата Заңымызға 27 жыл толып отыр.
Ата Заңымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі. Конституция мемлекетіміздің заң жүзінде және саяси тұрғыдан демократия қағидаттары мен заң үстемдігін ұстанатынын айғақтайды. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді даму бағдарымызды айқындайды. Осыған орай, 27-тамызда аудандық «Достық» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне арналған «Ата Заңды ұлықтау – ұрпақ парызы» атты салтанатты жиын өтті.
Шараға аудан әкімі Жалғас Мұртаза, аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков, аудан әкімдігінің бірқатар бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және әскери қызметкерлер қатысты.
Салтанатты жиынның шымылдығы Мемлекеттік Әнұранмен түрліп, алғы сөз аудан әкімі Ж.Мұртазаға берілді. Аудан басшысы еліміздің дамуына өсіп өркендеуіне өз үлестерін қосып келе жатқан алдыңғы қатарлы азматтарды мерейлі мерекелерімен құттықтап, бірқатар азаматтарға марапат тапсырды.
Сонымен қатар, сала қызметкерлері, аудандық мәслихаттың және «Amanat» партиясы аудандық филиалының грамоталарымен марапатталды.