Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялады.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес, 7-шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялаймын», — деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында.
Атап айтқанда, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.
Бірлескен отырысқа Мәжілістің 107 депутатының 100-і және Сенаттың 55 депутатының 50-і қатысып отыр.
Мемлекет басшысының Жолдауы республикалық барлық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.