Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткендерді қамау мерзімі ұзартылады

0 21

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша қамауға алу мерзімі ұзартылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді.

“Отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында бес тәуліктен бастап осы саладағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін қамауға алу мерзімінің төменгі шегін белгілеу және қайталап жасалған қылмыстар үшін қамауға алу мерзімін 20 тәуліктен 25 тәулікке дейін ұлғайту жоспарлануда. Сондай-ақ тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің декларативтіліктен әшкерелеу сипатына көшу қарастырылып жатыр», — деді Ахметжанов сенбі күні өткен үкімет отырысында.

Сонымен қоса әкімшілік ескерту қоғамдық жұмыстарға ауыстырылады.

«Қайталап құқық бұзушылық жасаған жағдайда сотта татуласу рәсіміне қойылатын талаптарды күшейтіледі. Әкімшілік ескертуді қоғамдық жұмысқа өзгертіледі. Бұл көшелерді, қоғамдық аумақтарды тазалау, жолдарды салу және жөндеу, абаттандыру және көгалдандыру секілді жұмыстар. Мұндай жаза түрін енгізу тәртіп бұзушылардың өз мінез-құлқын бақылауға тиімдірек ынталандырады», — деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ, тұрмыстық-зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті қатайту шеңберінде жиі кездесетін қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін «отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы адамға қатысты» деген қосымша квалификациялық белгі де енгізіледі.

Еске салайық, 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырған болатын. Президент бүкілхалықтық жолдауында отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұмып қарауға болмайтынын айтқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.