— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына келіп, өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданындағы аумақты тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еске сала кетейік, біз мұның алдында Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарымен Қостанай облысына ұшып келгенін хабарлаған болатынбыз.
Мемлекет басшысы сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады.