Қостанай обысындағы өрттен кейін аймақта жануарлар мен құстардың өліктері табылған. Оның ішінде 30 бас ірі мен 105 шошқа бар, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Kstnews.kz басылымына сілтеме жасап.
Қостанай облысы ветеринария басқармасының басшысы Ақат Шектібаев бұл жануарлардың Аманқарағай, Озерное мен Лесное ауылдарында өлгенін мәлімдеді.
«Жануарлар мен құстардың күйген өлекселері табылды: ірі қара – 30 бас, ұсақ мал – 2 бас, шошқа – 105 бас, құс – 130 бас», – деді Шектібаев.
Қостанай облысындағы табиғи өртті сөндіру жұмыстары 2-10 қыркүйек аралығында жүрді. Жалын 43 мың гектар аумақты шарпыған. Салдарынан 91 тұрғын үй өртеніп кетті. Барлығы 2 091 адам эвакуацияланды.