Осыдан үш ай бұрын тұңғышын босанған Мақпал Исабекова артық салмақ жайлы сөз қозғады. Ол әзірге сыртқы келбетіне мән бермейтінін айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Салмақ қостым. Ол дөңгеленген бетімнен көрініп тұр. Бірақ әзірге салмақ жайлы ойламаймын деп шештім, қазір ең бастысы менің сәбиім. Жақсылап тамақтансын, ал ол үшін мен жақсылап тамақтану керекпін. Ешқандай шектеусіз және күйзеліссіз. Барлығы қалыпқа келеді, оған күмәнім жоқ. Салмақ та, сыртқы келбет те. Әр нәрсе өз уақытымен. Қазір ана болудан және тәттілерден рахат алып жатырмын», — деп ағынан жарылды әнші.
Айта кетейік, Исабекова 38 жасында ана атанды. Ол ұлын Теодор деп атады. Әншінің айтуынша, оның ұлы — алты түрлі ұлттың өкілі.