Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,25 теңгеге төмендеп, 1 доллар 471, 99 теңге болды.
Ұлттық банктің 12 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 473, 35 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 474 теңге, сатып алу – 478 теңге.
Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу – 477,5
Ресей рублі 7,4- 7,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.