Artsport жабылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды — министрлік

0 6

Жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі арқылы балаларды спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелермен қамту жұмысы жалғаса береді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Telegram каналынан мәлім болды, деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА.

Қазіргі уақытта уәкілетті орган бағдарламаның жұмыс істеу қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, балаларды барынша кең қамтуға бағытталған, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ алаяқтық схемалардың жолын кесуге және алдын алуға бағытталған талаптар енгізілуде.

Бірқатар өңір әкімдіктері бағдарлама аясында қызмет ұсынған кәсіпкерлер алдындағы берешекті өтеу үшін қажетті қаражат іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өту қажет.

«Ақпараттық кеңістікте Artsport бағдарламасының жабылуы туралы тарап жатқан хабарламалар шындыққа жанаспайды», -делінген ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарламасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.