Павлодар тас жолында автобус аударылып, екі бала мерт болды

0 14

Павлодар облысында балалар мінген автобус аударылып, тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, екі бала мерт болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Оқиға туралы хабарлама «103» пультіне сағат 00:29-да түскен. Елордадан Өскеменге бет алған жолаушылар автобусы шұңқырға түсіп кеткен.

Оқиға орнына үш жедел жәрдем көлігі мен апаттар медицинасы орталығының бір бригадасы жіберілді. Бірінші болып Қалқаман ауылынан жеткен жедел жәрдем науқастарды қарады.

— Өкінішке қарай, 6 және 14 жастағы екі бала дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болды. Зардап шеккен тағы 9 адамға – бір жастан 12 жасқа дейінгі төрт бала мен 31 мен 66 жас аралығындағы бес ересек адамға оқиға орнында көмек көрсетілді, — деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Түрлі жарақат алған балалар облыстық балалар ауруханасына, ал ересектер Павлодар қалалық № 1 ауруханаға жеткізілді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.