Руслан Қоңыров Әскери әуе күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

0 30

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Зарлықұлы Қоңыров Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тиісті жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланған.

1970 жылы 27 наурызда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Федеровка ауылында өмірге келген.

1-сыныпты ұшқыш, әскери-көліктік авиация ұшқышы, Як-18, Ан-26, Ан-72 және С-295 ұшақ түрлерін меңгерген. Жалпы ұшуы — 3500 сағат.

«Бейбіт аспан», «Өзара іс-қимыл», «Жауынгерлік достастық», «Дала қыраны» халықаралық оқу-жаттығуларына, «KADEX» және т.б. қатысқан, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне, Жоғарғы бас қолбасшының қатысуымен Гвардейскіде Отан қорғаушы күнін мерекелеуге орай өткен әскери парадта әскери қызметшілерді десанттап, түсірді.

Тактикалық және халықаралық оқу-жаттығуында тапсырмаларды үздік және сапалы орындағаны үшін ҚР Президенті, ҚР Қорғаныс министрінің және ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының алғысына ие болды.

2016 жылы С-295 әскери-көліктік ұшақ экипажы құрамында Қазақстан Республикасының азаматтарын РФ Санкт-Петербург қаласынан Астанаға тасымалдау бойынша гуманитарлық көмек жасады.

ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК-нің әскери қызметшілеріне отандасымыз омыртқасынан айтарлықтай жарақат алған Санкт-Петербург политехникалық университетінің студенті Ақжарқын Махамбетованың отбасы сұрауына бойынша жедел отадан кейін қызды Қазақстанға тасымалдау қажет болды. С-295 ұшағының экипажы майор Азамат Молдахметовтің басқаруымен тапсырманы сәтті аяқтады.

ҚР Әуе қорғанысы күштері, Әскери әуе күштерінде штаб бастығы қызметінде.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Нұрболат Еркебайұлы Топаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери әуе күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.