Жамбыл облысында iрi көлемдегі есірткі саудасымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ  ұсталды

0 2

Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері  өсімдік тектес есірткі құралдарын (марихуана, гашиш) дайындаумен, тасымалдаумен және еліміздің басқа өңірлеріне өткізумен (ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап) айналысатын Жамбыл облысы Шу ауданының 5 тұрғынынан тұратын қылмыстық топты құрықтады.

2022 жылдың 14 қазанында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың  барлық қатысушыларын бір мезгілде ұстау жүзеге асырылды. Тінту жүргізу нәтижесінде жалпы салмағы 100 келiден асатын есірткі құралдарының (марихуана және гашиш) ірі партиясы, сондай-ақ «Ақсу» автоматы және 5,45 мм калибрлі 30-дан астам патрон тәркіленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.