Басқару органдары мен күштерді әзірлікке келтіру мақсатында «Қыс-2022» белгісі берілді

0 23

24 қарашада сағат 08.00-де «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында «Дабыл» сигналы берілді (басқару органдары мен күштерді әзірлікке келтіру).

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі  хабарлайды.

Мақсат – қысқы кезең жағдайындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін дайындау.

Оқу-жаттығуды үйлестіру және басқару жөніндегі республикалық штаб Қостанай қаласында орналасады. Шара 24 қараша сағат 8:00-де (Гоголь көшесі, 79а, Өрт сөндіру қызметінің ғимаратындағы дағдарыс орталығы, 1-қабат) басталады.

Қостанай облыстық ТЖД және азаматтық қорғау құралымдарының оқу-жаттығуға тартылатын бөлімшелері Қостанай қаласындағы «Қонай» шағынауданында авариялық-құтқару кезек күттірмейтін жұмыстарын практикалық орындау бойынша іс-қимылдарды оқу-жаттығу орнында пысықтайды.

«Халықтың назарына! «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын ұйымдастыру барысында облыс аумағында төтенше жағдайлар қаупі туралы халықты электросиреналарды іске қосу және телеарналарды қармау арқылы хабардар етуді тәжірибелік пысықтау жүзеге асырылады. Азаматтардан тыныштықты сақтауды және ешқандай әрекет жасамауды сұраймыз», — делінген ведомство хабарламасында.

«Қыс-2022» оқу-жаттығуы шеңберінде еліміздің барлық өңірлерінде төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдарды, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін командалық-штабтық жаттығулар жоспарланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.