Атырауда суға құлап кеткен жасөспірімдерді құтқарған бала медальмен марапатталды

0 14

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен 8 жасар Дінмұхаммед Жаңбырбай «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды, —  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марапатты Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Жаңабай табыстады.

«Министр Дінмұхаммедке батырлық іс-әрекеті үшін, оның ата-анасына айналасындағыларға көмекке келуге дайын тұратын баланы тәрбилегені үшін алғыс білдірді», – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда 8 жасар бала ойнап жүріп Жайық өзеніне құлап кеткен достарын құтқарып қалғаны туралы хабарлаған едік.

Желіде тараған видеодан үш баланың мұз үстінде жүргенін көруге болады. Бір сәтте мұз сынып, 14 және 9 жастағы екі бала суға құлап кеткен. Алайда Жаңбырбай Серікұлы достарының бірін судан шығарып алған. Кейін судан шыққан жасөспірім үшінші баланы құтқарып қалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.