Төтенше жағдайға тап болған Air Astana ұшағындағы өзбекстандық екі әйел ауруханаға жеткізілді

0 72

Air Astana әуе кемесінің бортында болған оқиғаның салдарынан Алматының №4 қалалық клиникалық ауруханасына екі жолаушы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

№ 4 қалалық аурухананың баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел жәрдем көлігімен медициналық мекемеге тек екі адам жеткізілген, тағы үш адам тексеруден бас тартқан.

«№4 қалалық клиникалық ауруханаға «Ташкент — Алматы» рейсінің екі жолаушысы жеткізілді. Екеуі де — Өзбекстан азаматтары, 37 және 28 жастағы әйелдер. Диагноз: сол жақ білек пен қолдың жабық жарақаты, жұмсақ тіндердің көгеруі және созылуы. Мойын омыртқасының контузиясы. Екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық, клиникалық-диагностикалық тексеруден кейін рентгенография, ми және мойын омыртқасының КТ, амбулаториялық емдеу ұсынылды. Басқа жолаушылар медициналық көмекке жүгінбеді»,-деп хабарлады №4 аурухананың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бүгін Air Astana әуекомпаниясының Ташкенттен Алматыға ұшып шыққан KC 128 рейсінің бортында қатты турбуленттілік болған.

Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 14.35-те ұшқан, сапар барысында әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілік аймағына түсті.

Компания оқиғадан жеті жолаушы түрлі жарақат алғанын хабарлады.

Кейіннен Азаматтық авиация комитеті «Ташкент — Алматы» рейсіндегі төтенше жағдайдан зардап шеккен жолаушылар жайында мәлімет берді.

Комитеттің алдын ала ақпаратына сенсек, оқиғадан 5 адам жапа шеккен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.