Шымбұлақ тау курортында таңертен өрт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Өртті сөндіру үшін суды қарға айналдыратын қар генераторларының екі желісі іске қосылған.
ТЖД-ға алау туралы хабар 29 қаңтарда сағат 05:30-да жетті.
«Сағат 08.05-те өрт оқшауланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Жалынды сөндіруге жеке құрамның 13 адамы жұмылдырылды», – деп түсіндірді Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
Кейін ол Oblaka restobar мейрамханасының жанында орын алғаны белгілі болды. Үш қабатты мейрамханадағы өрт көлемі 800 шаршы метр (теңіз деңгейінен 3200 м биіктікте).
Арнайы өрт техникасына арналған кірме жолдардың болмауына байланысты өртті сөндіру ішкі өртке қарсы крандар арқылы жүргізілді.
Сондай-ақ, Комби-2 аспалы жолының жұмысы тоқтатылды, Талғар трассалары өрт жойылғанға дейін және алынған залал анықталғанға дейін жабылды.