4 пайыздық автонесиеге өтінім беруге арналған сайтқа 1 милиионнан астам адам кірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Ибрашева БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде айтты.
«Негізі сайтқа 1 миллионнан астам пайдаланушы кірді. Оның ішінде өтінім берген 125 мыңнан астам азамат тіркелді. Осы платформаға еліміздің барлық аймақтарынан өтініштер түсті.
Бағдарлама іске асырылғаннан бері осы уақытқа дейін жиналған қаражат 7,6 млрд теңге болды. Револьерлік механизм болғандықтан, жалпы 761 адам тіркеледі деп жоспарланған», — деп түсіндірді Жанар Ибрашева.
Оның айтуына қарағанда, осы өтінімдер бойынша несие рәсімдеу 60 күннен аспауы керек.
«Несиемен автокөлік алу жұмыстары 60 күннің ішінде аяқталуға тиіс. Бүгін палтформаға тіркелгеннен кейін өтініш беруші автосалонға және банкке барып, өз жұмыстарын жалғастырады. Осы платформа арқылы тіркелген азаматтарға 60 күннің ішінде автокөлікпен қамтамсыз ету жоспарланып отыр», — деді ол.
Бұған дейін «Өнеркәсіпті дамыту қорының» баспасөз қызметі 4 пайыздық автонесиеге өтінім беру неге тым ерте тоқтатылғанын түсіндірген болатын.