Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде тапсырма берді

0 16

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі.

Айта кетейік, кеше Қазақстан өңірлерінен Түркияға 150 тонна гуманитарлық көмек, 35 млн теңге қаражат жиналғанын жазған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.