Каспий құбыр консорциумында мұнай тасымалы ертең қайта жанданады

0 4

Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай экспорты бейсенбі қайта жанданбақ. Дегенмен жағдай ауа райына байланысты. Бұл жайында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Каспий құбыр консорциумындағы төтенше жағдайдың Қара теңіздегі дауылдан не болып жатқаны белгілі. Объективті түрде ауа райы қолайсыздығы бар, бұл жағдайда мұнай жөнелту мүмкін емес, қауіпті. Қазір біз бейсенбіде сағат 16:00-де синоптиктердің болжамы бойынша қалыпты ауа райы болады деп күтіп отырмыз. Бұл бізге танкерлердің су аймағына кіруіне және жүк тиеуге мүмкіндік береді. Біз резервуар паркінде жұмыс істеп жатқанда өндіріс тоқтаған жоқ. Жөнелту қолайсыз ауа райына байланысты тоқтап қалды», — деді Болат Ақшолақов Үкімет үйінің кулуарында БАҚ өкілдерінің сауалына.

Еске сала кетейік, кеше Каспий құбыр желісі арқылы мұнай тасымалдау тоқтап қалған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.