Сайлау процесі бастағаннан бері 40-тан астам заң бұзу фактісі тіркелді – Бас прокуратура

0 10

 Бас прокуратура өкілі Азамат Сарғазин Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда сайлау қарсаңында жаң бұзу деректерін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Прокуратура органдары сайлау процесі заңдылығының сақталуын жоғары деңгейде қадағалауды жүргізуде. Бұған дейін хабарланғандай, 17 наурызға дейін прокурорлар Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы бойынша 24 және мәслихаттар бойынша 13 заң бұзу фактісі тіркелді. Бұл фактілердің бәрі бойынша кінәлілер әкімшілік жазаға тартылды. 17-18 наурызда прокурорлардың шаралары бойынша сайлау заңнамасын бұзғаны үшін тағы 7 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Олардың үшеуі Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы бойынша. Мысалы, 17 наурызда Орал қаласында Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы конституциялық заңның талаптарын бұза отырып, сауаланама жүргізгені үшін сот қаулысымен бір баспа басылымның меншік иесіне Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 120-бабының 3-бөлігімен айыппұл салынды. 18 наурызда Түркістан қаласында Мәжіліс депутаттағына кандидаттардың біріне анонимдік үгіт материалдарын таратқаны үшін Орталық сайлау комиссиясының келісімімен Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 113-бабы бойынша сот 125 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды. Бірақ бұл оның тіркеуінің күшін жоюға әкеп соқпайды», — деді ол.

Айтуынша, осыған ұқсас заңсыздық Солтүстік Қазақстан облысында да тіркелген.

«Тайынша ауданыны прокуроры қысқартылған іс жүргізу тәртібімен аудандық мәслихат депутаттағына кандидатқа Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 113-бабымен айыппұл салды. Дәл осы бап бойынша Атырау қаласында прокурор баспа басылымының иесін 12,5 АЕК көлеміндегі айыппұлға тартты.

Батыс Қазақстан облысында кандидадттың арызы бойынша ауылдық округтегі мемлекет қызметкері үгіт жүргізу кезеңінде үгіттеу материалдарын таратқаны анықталды. Ол Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 122-бабының 1- бөлігімен жауаптылыққа тартылды.

Кеше, яғни дауыс беру күнінің алдындағы күні Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде сайлаушлыарды қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың біріне дауыс беруге шақырып, сол үшін Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 102-бабы бойынша жазаға тартылды.

Осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін Қарағанды қаласныың бір тұрғыны да аталған баппен әкімшілік жауаптылыққа тартылды», — деді Азамат Сарғазин.

Сондай-ақ, ол дауыс беру күні бұқаралық ақпарат құралдарында сауалнама нәтижелері, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға және кандидаттарды қолдап дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға жол берілмейтінін еске салды.

«Мұндай сауалнамаларды дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пункте өткізуге болмайды. Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы конституциялық заңның аталған талаптарын орындамау Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 102 және 120-баптармен жауаптылыққа әкеп соғады. Дауыс беру мәселелеріне қатысты өтініштерге келетін болсақ, соттар мен мен прокуратура органдары оларды бүгін дереу қарайды. Жалпы сайлау науқаны басталғаннан бері Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша прокуратура органдарына 113 өтініш келіп түсті. Негізінен бұл жекелеген құқық бұзушылықтарды сыбайлас жемқорлыққа жатқызу туралы түсіндіру беру жөніндегі мәселелер болды. 63-і бойынша арыз иелеріне түсіндіру сипатындағы жауаптар берілді, 36 өтініш құзыреті бойынша өкілетті органдарға жолданды, 14-і бойынша бас тарту сипатындағы жауап берілді», — деді Бас прокуратура өкілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.