Қазақстандықтардың 5,5 миллионнан астамы дауыс берген жоқ

0 17

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына азаматтардың келуі туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ОСК мәліметтері бойынша, сағат 20:10-да дауыс берушілер саны 6 509 695-ке жетті, келгендер саны әзірге 54,09 пайызды құрады.

Дауыс беру құқығы бар қазақстандықтардың жалпы саны – 12 035 004 адам.

Астанада келушілер саны — 42,91 пайызды, Алматыда — 25,82 пайызды, Шымкентте — 45,46 пайызды құрады.

1. Абай облысы бойынша – 57,02%

2. Ақмола облысы бойынша – 60,01%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 57,45%

4. Алматы облысы бойынша – 60,03%

5. Атырау облысы бойынша – 50,22%

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 59,01%

7. Жамбыл облысы бойынша – 65,21%

8. Жетісу облысы бойынша – 55,32%

9. Қарағанды облысы бойынша – 59,48%

10. Қостанай облысы бойынша – 65,1%

11. Қызылорда облысы бойынша – 66,46%

12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,08%

13. Павлодар облысы бойынша – 58,68%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 65,25%

15. Түркістан облысы бойынша – 53,01%

16. Ұлытау облысы бойынша – 58,99%

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 64,15%

18. Астана қаласы бойынша – 42,91%

19. Алматы қаласы бойынша – 25,82%

20. Шымкент қаласы бойынша – 45,46%

Бұған дейін сағат 18:10 — да дауыс берушілер саны 6 390 046-ға жеткен, алдын ала келгендер 53,11 пайызды құрағаны хабарланған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.