Egov.kz порталы уақытша жұмыс істемейді

0 6

Техникалық жұмыстарға байланысты электронды үкіметтің веб-порталындағы қызметтер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Бұл туралы Egov.kz әлеуметтік желілердегі парақшасынан белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«8 сәуір сағат 21:00-ден 9 сәуір таңғы 06:00-ге дейін порталда техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақытта электронды үкімет ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сүйемелдейтін ақпараттық жүйелер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін», — делінген Egov.kz порталының Іnstagram-дағы ресми парақшасында жарияланған хабарламада.

Қоса кетейік, бұған дейін «Ашық диалог» порталы арқылы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына сауал жолдау қызметі жабылатынын мәлімдеген едік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.