Қазақстанда Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қанша ақша берілетіні белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бүгінде Қазақстанда 237 ардагер тұрып жатқанын айтты.
«Бүгін таңертең қарадым, 237 адам. 9 мамырда оларға барлық сала бойынша тиісті материалдық ынталандыру төленеді. Дәл сондай, бірақ кей жерде одан көп болуы мүмкін. Әкімдіктер ұсынысы бойынша 1,5 миллион теңгеден кем емес», — деді министр Мәжіліс отырысы кулурында.