Бүгін Қазақстан халқы Бірлік күні мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атаулы мереке ел Президентінің Жарлығына сәйкес, 1996 жылдан бастап атап өтіледі.
Тәуелсіздік алғалы 130-дан астам ұлт өкілі ел аумағында тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Ел басына қиын-қыстау заман туғанда кез келген халықтың бірлігі ішінара бірлік және ынтымақтастықпен өлшенеді. Осы орайда Қазақстан халқы ұлты мен дініне қарамастан Тәуелсіздік алғалы ұлт ретінде ұйып, бірлікті берік ұстанып келеді.