Жаңа Ата заң – еліміздің, әсіресе, жастардың – темірқазығы. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдері үшін өткізген брифингте мәлімдеді.
– Бұл – заң мен тәртіп үстемдік құратын Әділетті Қазақстанның Конституциясы, болашаққа бағдарланған құжат. Ата заң алдымен жастарға арналған, яғни жас буынның темірқазығы болуға тиіс. Жаңа Ата заңның мақсаты – осы. Қазақстан прогрессивті, заманауи мемлекетке айналуы керек. Бұл – біздің алдымызда тұрған ең басты міндет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетелік брифинг барысында Президент кез келген қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді жақтайтынын айтқан еді.
Айта кетейік бұған дейін әлемнің 40-тан астам елінде референдум учаскелері жұмыс істеп жатқанын жазғанбыз.
Сондай-ақ дауыс беру құқығы бар ел тұрғындарының 37,54 пайызы өз таңдауын жасады.