Үкімет табиғи өртпен күресу үшін техникалар сатып алуға 623 млн теңге бөледі

0 9

Үкімет резервінен табиғи өртпен күресу үшін техникалар сатып алуға қаражат бөлінеді,  — деп хабарлайды  ведомствоның ресми сайты.

Қазақстан аумағында ірі орман өрттерінің өршуі барған сайын өзекті проблемаға айналуда. Тілсіз жаудың болжап білуге болмайтын табиғи сипаты мен өткен жылдардағы зардаптарын ескере отырып, Үкімет өрттің алдын алу шараларын күшейтпек.

Мәселен, жаңа қаулыға сәйкес Үкімет резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жұмыстарына тартылатын тікұшақтарға арналған 26 жаңа су шашу құрылғысын сатып алуға 623 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Олар қала маңындағы аумақтармен бірге, республиканың шалғай аудандарында да қолданылады. 10-15 секундта 5 тонна су жинап, оны 6 секунд ішінде төге алатын қосымша құрылғылардың көмегімен авиация орман алқабының үлкен аумақтарындағы өрттерді тез арада сөндіре алады.

Сонымен қатар құтқарушылардың әуе паркі өрт сөндіру, адамдарды қауіпті аймақтардан эвакуациялау және т.б. ТЖМ міндеттерін орындауға бейімделген Ми-8 тікұшақтарымен толықтырылады.

Жалпы аталған шаралар табиғи өртпен күрес кезінде арнайы қызметтердің жедел әрекет ету мүмкіндіктерін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.