Президент қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

0 16

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын!

Көне дәуірден жеткен бұл аспап халқымыздың болмыс-бітімін, салт-дәстүрі мен мәдениетін айшықтайды. Рухымызды көтеріп, мерейімізді өсірген домбыра асыл мұрамызға, ұлттың символына айналды. Біз оны жан-жақты дәріптей береміз», — деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де.

Еске салайық, бүгін 2 шілде күні елімізде Ұлттық домбыра күні аталып өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.