Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысы биылғы 18-19 шілдеде «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады.
Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.