Мал шаруашылығында 103,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді

0 19
Аймақта жыл басынан бері мал шаруашылығында 103 002,9 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 7,6 процентке артты. Мал шаруашылығындағы өнімдердің артуына ет өндірісінің — 4,1%-ке, сүт өндірісінің — 1,4%-ке өсуі әсер етті.
Сондай-ақ, облыстағы жалпы мал саны 4,9 млн. басқа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 6,5%-ке өсті. Оның ішінде, мүйізді ірі қара — 569,4 мың бас, қой мен ешкі — 4 177,6 мың бас және жылқы саны – 197,1 мың басты құрады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.