2028 жылға қарай елімізде 3 газ өңдеу зауыты салынады

0 12

2028 жылға қарай елімізде 3 газ өңдеу зауыты салынады. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр. Пайдалануға беру мерзімі – 2025 жыл», — деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Айтуынша, бұған қоса Қашаған кен орнының базасында Қашаған жобасының акционерімен және операторымен (NCOC) қуаты 4 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауыты құрылысының жобасы жүзеге асырылуда. Зауыт 2028 жылы іске қосылады.

«Мұнан бөлек, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» «PSA» ЖШС өкілетті органымен бірге 2028 жылы қуаты 4 млрд текше метрді құрайтын газ өңдеу зауыты бар Газ стратегиясын жүзеге асыру жол картасын әзірледі», — деді Премьер-Министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.