Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның денесі табылды

0 10

 Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11-ші адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның ішінде 8 кәмелет жасқа толмағандар», — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

ТЖМ өз қауіпсіздігіңіз бен балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайтынын еске салады.

Айта кетейік, Отырар ауданында бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі дарияға демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталды. Кеше 9-шы адамның жаназасы шығарылып, денелері жер қойнына тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.