Отандық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне «Жасыл Даму» АҚ қаражатынан 20 миллиард теңге бөлінеді. Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентттігі хабарлайды.
«Бөлінген қаражатқа фермерлер лизингке 500-ден астам техника сатып ала алады. Шамамен 80 комбайн және 450 трактор», – деп жазылған үкімет ақпаратта.
Айта кетсек, лизингке техникалық регламенттерде белгіленген экологиялық талаптарға сай келетін және барлық қажетті сәйкестік сертификаты бар техника беріледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша жалпы ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жыл сайынғы көлемі 170 миллирад теңгеден асады.
Жаңа бағдарлама аясында техника лизингке 6% мөлшерлемемен және 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бір лизинг алушыны қаржыландыу сомасы 205 миллион теңгеден аспайды. Бір фермер жеңілдікпен өздігінен жүретін 3 ауыл шаруашылығы техникасын сатып ала алады. Қаржыландыруды 2 жыл ішінде бір рет қана алуға болады.