Желтоқсан айында қазақстандықтар неше күн демалады

0 5

Желтоқсан айында қазақстандықтар 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалады, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңда 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні болып белгіленген. Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 16, 17, 18 желтоқсан күндері, алты күн жұмыс істейтіндер – 16 және 17 желтоқсан күндері демалады.

Айта кетейік, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні ретінде мерекелер тізбегінде қалды. Бірақ бұл күні демалыс берілмейді.

Бұған дейін Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы Жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалыс болатынын түсіндірген еді.

2023 жылдың соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31 желтоқсанға сәйкес келеді.

Жаңа 2024 жылға арналған ресми демалыс күндері – 1, 2 қаңтар.

Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалысқа шыға алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.