Талас ауданының тұрғындары мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін көріп отыр

0 28

Ауыл аманаты жобасы аясында елді-мекен тұрғындарының тұрмысы едәуір түзеліп келеді. Бірі мал сатып алса, енді бірі үй маңындағы жерін тиімді пайдалануда. Талас ауданы Ойық ауылында жеңілдетілген несие алып, шаруасын ширатуға білек – сыбана кіріскен азаматтар көп. 112 ауыл тұрғыны аталған несие бойынша өтінім беріп, бүгінде қажетті қаржысын алып, игеруде.
Ауыл аманаты жобасы аясында жеңілдетілген несие алып, кәсібін ашқан тұрғынның бірі -Болатбек Тілепбергенов . Ол бүгінде мал бордақылау алаңын ашқан. Қазір , 23 басқа жем шөбін беріп, бордақылап отыр.
-Жобаның тиімділігін көріп жатырмыз. Мемлекеттің қолдауының арқасында мал басы көбейіп, нәпақамызды айырдық. Болашақта ет, сүт өнімдерінің де көлемін арттырамыз,-дейді Болатбек Тілепбергенов.
Сондай-ақ, мемлекеттен берілген қолдау аясында –ауылда көлік жөндеу ортылығы да іске қосылған. Өз несиесін тиімді пайдалану үшін кәсіптің осы түрін таңдаған Бахраддин РАХАЕВ 3 млн 950 мың тг қаржыға керекті құрал-жабдықтарын алған.
Көлігі бұзылса облыс орталығына қарай асығатындар үшін –бұл жөндеу орталығы үлкен қолғабыс. Темір тұлпарды қажетті бақылаудан өткізіп, іске қосып беретін кәсіпкерге ауыл тұрғындары алғысын айтуда.
Айта кетейік, ауыл аманаты жобасы аясында 112 ауыл тұрғы неисе алу үшін өтініш білірген. Бүгінде жалпы соммасы 554 млн. 140 мың теңге қаржы қарастылып, үлестірілген. Нәтижесінде,ауылда ұсақ шаруалардың басын қосып, үлкен кооперетив болған азаматтар да қажетті техникаларын алып, өз жұмысын жүргізіп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.