Қазгидромет ел аумағында 29 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Kazinform.
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) жауады.
«Еліміздің оңтүстік-шығыс таулы аудандарында қатты жауын-шашын, оңтүсігінде жаңбыр, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Тек қиыр батыста, шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», — деп жазды ведомстводан.
Ондағы дерекке қарағанда, Қазақстан бойынша тұман болып, жел күшейеді, еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады.