Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз — ҚР Президенті волонтерлер туралы

0 2

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazinform.

«Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар»,-деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, 5 желтоқсан – Волонтерлер күні. 1985 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жыл сайын 5 желтоқсанда еріктілер күнін атап өтуді ұсынған болатын. Мысалы ЮНИСЕФ әлем бойынша ұйымның балалар құқығын қорғау миссиясын жүзеге асыруға көмектесетін еріктілер қозғалысы мен бастамаларын дамытуды қолдайды. 36 ел жаһандық волонтерлік бастамаға белсенді қатысады, оның ішінде Қазақстан да бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.