Жаңа жыл символы: ел өңірлерінде мандарин қаншадан сатылып жатыр

0 7

Мандарин жаңа жыл мерекесінің символы іспеттес. Осыған қарай мереке қарсаңында мандарин саудасы қыза түседі, яғни оны сатып алушылар да, өзге елден жеткізушілер де көбейеді. Соған орай мандариннің бағасы да шарықтап шыға келетін әдеті. Дәмі тіл үйіретін экзотикалық жеміс биыл елімізге қандай көлемде жеткізілді, ол ел өңірлерінде қаншадан саудаланып жатыр? Kazinform тілшісі осы сауалдар негізінде құзырлы органдардан тиісті мәліметтерді сұрастырған еді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Қытай, Пәкістан және Түркия — елімізге мандарин жеткізуші негізгі елдер.

Цитрус пен экзотикалық жемістерді бәрі бұрыннан жақсы көреді және импорттау мүмкіндіктерінің арқасында біз оларды жыл бойы пайдалана аламыз.

Биыл қаңтар-қазан айы аралығында республикаға құны 35 607,2 мың АҚШ долларын болатын 51 969,9 тонна цитрус және экзотикалық жемістер импортталды.

Биыл 10 айда құны 34 579,8 мың АҚШ доллары болатын, 51 095,4 тонна хош иісті цитрус жемістері әкелінді.

Өткен жылға қарағанда елімізге жеткізілген мандарин көлемі айтарлықтай артқан. Сондай-ақ 12 878,0 мың АҚШ доллардың 15 882,5 тонна цитрус жемістері импортталды.

Ел аумақтарында мандарин бағасы әр өңірде әрқалай болып тұр.

мандарин
Leave A Reply

Your email address will not be published.