Оралда кафедегі жарылыстан екі адам қаза тапты

0 3

Оралда кафедегі жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қираған ғимарат астынан 6 адам табылып, бесеуі медициналық мекемелерге жеткізілді.

жарылыс
Фото: БҚО төтенше жағдайлар департаменті

«Біреуі ауруханаға жатудан бас тартты. Оқиға орнында екі адам көз жұмды. Адамдардың кім екені анықталуда. Үйінділердің астында әлі де адамдар болуы мүмкін. Апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда» деп хабарлады ведомстводан.

жарылыс
Фото: БҚО төтенше жағдайлар департаменті

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда кафеде жарылыс болып, соңы өртке ұласқанын жазған болатынбыз.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.