Алдағы демалыста күн күрт суытып, 25-30 градус аяз қайта оралады

0 1

Қазгидромет синоптиктері 6-8 қаңтарға арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. 

Алдағы күндері белсенді Атлантика циклоны және одан туындайтын атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады. 

6 қаңтарда солтүстік-батыста қалың қар жауады, оңтүстікте де мол жауын-шашын болады.

7-8 қаңтарда солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта қатты қар жауады.

Жауын-шашынмен қатар республиканың солтүстік жартысында көктайғақ пен боран соғады.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Елдің батысына, солтүстік-батысына, солтүстігіне және шығысына Солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен суық ауа массалары келеді.

Осының салдарынан ауа температурасы күрт төмендейді.

Батыста және солтүстік-батыста түнгі уақытта күн райы 8-25 аязға дейін, солтүстікте 5-30 аязға дейін, ал республиканың шығысында 5-18 аязға дейін суытады.

Оңтүстік өңірлерде түнгі температураның негізгі фоны минус 5 және плюс 7 градус шегінде болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.