«Ұлттық қор — балаларға» жобасында ең көп қаражат қай облысқа аударылды

0 9

 «Ұлттық қор — балаларға» жобасында қатысушы балалардың ең көп саны Түркістан облысында тұрады. Өңірде 922 мың балаға 92 мыңнан астам АҚШ доллары аударылған. Бұл туралы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарушы директоры Мұрат Шәріпов айтып берді.

Айта кетейік, жыл басынан бері бағдарлама аясында 6,9 млн баланың есепшотына 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылды.

«Статистикалық деректер бойынша нысаналы талаптарға қатысушы балалардың ең көп саны Түркістан облысында тұрады. Бұл өңірде 922 841 балаға 92 763 мың АҚШ доллары есептелген. Оның ішінде 18 жасқа толатын 41 968 балаға 4 218 мың АҚШ доллары түсті», — деді М. Шәріпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Шәріпов
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Балалар саны бойынша екінші орында – Алматы қаласы тұр, 666 443 балаға 66 990 мың АҚШ доллары есептелген. Оның ішінде 18 жасқа толатын 26 621 балаға 2 675 мың АҚШ доллары түсті.

Үшінші орында – Алматы облысы тұр, 608 711 балаға 61 187 мың АҚШ доллары есептелген. Оның ішінде 18 жасқа толатын 26 802 балаға 2 694 мың АҚШ доллары түсті.

Бұған дейін Мұрат Шәріпов 18 жасқа толған 63 балаға жоба қаражаты төленгенін айтқан еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.