8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі

0 25

Бүгін елімізде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі аталып өтеді.

март
Фото: prooren.ru

Бұл мерекенің тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымының бүкіл әлем елдерін 8 наурызды әйелдердің құқықтары үшін күрес күні — Халықаралық әйелдер күні деп жариялауға шақырған қарары қабылданғанға дейінгі кезеңді қамтиды. ХХ ғасырда көктем, махаббат және сұлулық мерекесі бірте-бірте 8 наурыз мейрамына айналып, бүгінде отбасында, еңбек ұжымдарында кеңінен аталып өтіле бастады.

март
Фото: prooren.ru

Америка құрлығында қазіргі халықаралық әйелдер күні мерекесіне негіз қалаған бірқатар оқиғалар орын алды. Нью-Йорктің киім тігетін фабрикасы мен тоқыма өнеркәсібінде жұмыс істейтін әйелдер жалақының төмендігі мен жұмыс жағдайының нашарлығына қарсылық танытып, 1857 жылдың 8 наурызында Манхэттен көшелеріне шеруге шықты. 1901 жылы да дәл 8 наурыз күні Чикагода тарихта алғаш рет үй шаруасындағы әйелдер тарихта «қазан бүлігі» деген атаумен қалған шеруді ұйымдастырған болатын. Араға жеті жыл салып, 1908 жылдың 8 наурызында бүкіл Америка құрлығының әйелдері «бос қазан шеруін» ұйымдастырып, жалақының көтерілуін, еңбек ету жағдайының жақсаруын және еркектермен тең құқылы болуды талап етті. Осыдан кейін АҚШ-тың солшылдар партиясы дәл осы күнді ұлттық әйелдер күні ретінде жария еткен болатын. Алайда бүгінде бұл дата Америка құрлығында мереке күні ретінде саналмайды.

март
Фото: prooren.ru

Бұрынғы кеңестік кеңістіктегі республикаларда «8 Наурыз» мерекесінің бастау алуына 1910 жылы Копенгагенде өткен екінші Халықаралық жұмыс істейтін әйелдер конференциясы түрткі болған еді. Ол кезде Германияның социал-демократтар партиясы әйелдер тобының көшбасшысы, әрі әйелдер құқығын жан тәнімен қорғаушы Клара Цеткин 8 наурыз күнін әйел жынысы пролетариаттарының дүниеге келген күні ретінде атап өту идеясын ұсынған-ды. Алғаш рет бұл күнді Дания, Австрия, Германия және Швейцарияда, кейіннен басқа да елдерде наурыздың әртүрлі күндерінде атап өте бастады.

8 Наурыз ресми түрде алғаш рет 1913 жылы Петерборда аталып өтіле бастады. Алайда, экономикалық ахуалдың қиындығына байланысты бұл күн күнтізбеде демалыс ретінде жария етілген жоқ. КСРО-да 8 наурыз — жұмыс істемейтін демалыс күні ретінде 1966 жылдан бастап қолданысқа енгізілді. Айта кетерлігі, бұл турасында екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 20 жылдығы қарсаңында 1965 жылдың 8 мамырында жария етілген болатын.

Қазіргі уақытта бұл мейрам Біріккен Ұлттар Ұйымында әйелдер құқығы мен халықаралық бейбітшілік үшін күрестің халықаралық күні ретінде аталып өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.