Қазгидромет синоптиктері 6 сәуір, сенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттар жүріп өтеді.
Осыған байланысты жаңбыр жауады.
Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жауын болады, батыс, оңтүстік облыстарда найзағай жарқылдайды.
Тек солтүстік және шығыс аймақтарда әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
ҚР бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл тұрады.