Ақтауда су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысы, Жылыой ауданының азаматтарына арналған эвакуациялық пункт ашылды.
Қаланың 17 шағынауданында орналасқан жатақханаға Құлсарыдағы су тасқыны кезінде көшірілген тұрғындардың бір легі орналасады.
Сонымен қатар, Ақтау қаласы бойынша 24/7 CALL-орталық жұмыс тәулік бойы жұмыс істейді. Қажет жағдайда көмекке жүгінгендерде 8 (7292) 33 65 04 байланыс нөміріне хабарласа алады.
Бүгінде Маңғыстаулық дәрігерлер Бейнеу ауданына эквакуцияланғандарға медициналық көмек көрсетуге аттанған болатын.
Сондай-ақ, Су басқан Құлсарыдағы ауруханадан 77 науқасты Маңғыстау облысына апаратыны мәлім болды.