2024 жыл — Қытайдағы Қазақстан турзмі жылы

0 20

28-29 наурыз күндері Бейжіңде “Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының” ресми ашылу салтанаты өтеді, сонымен қатар Қазақстан мен Қытай арасында бизнес пен туризм салаларына қатысты 14 түрлі келісімшарт жасалад. Оған екі тараптан туризм, бизнес және өнер саласының 500-ге жуық өкілі қатысады.

2024 жыл — Қытайдағы Қазақстан турзмі жылы. Осыған орай аспан асты еліне Қазақстаннан 250-ге жуық түрлі сала өкілінен құралған арнайы делегация келді. ҚР туризм және спорт министрінің айтуынша осы шараның аясында “Frankfurt messe” компаниясы Қазақстанда өкілдігін ашуға ниетті екен.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, былтыр 80 мыңға жуық қазақстандық Қытайға саяхаттаса, аспан асты елінен Қазақстанға 200 мыңнан астам турист барған. Биыл бұл көрсеткішті 300 мыңға жеткізу жоспарланып отыр.
2019 жылы қытайлық туристер Қазақстан қазынасына 55 млн доллар құйған. Биыл бұл көрсеткіш екі есеге артады деп күтілуде. Әуе рейстерінің саны артпақшы. Сондай-ақ, 28-30 наурыз арасында өтетін шарада Қазақстан тарапы Қытайдың 7 ірі қаласында топ-20 отандық туристік орынды таныстырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.