Қазақстанда 103 мыңнан астам неке тіркелді

0 30

Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы БҰҰ бекіткен халықаралық отбасылар күнін атап өтеді. Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» арнайы статистика дайындады.

Мемлекеттік корпорация 10 айда 103 мыңнан астам неке тіркеген, ал 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа отбасы құрылды.

Неке саны бойынша көш бастап тұрған Алматы, Астана және Шымкент қалалары.

Сондай-ақ, 2023 жылдың шілдесінен бастап еліміздің 328 мың  азаматының тууы тіркелді.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Астанада, Қарағандыда, Алматыда және Қостанайда некені салтанатты түрде тіркейді және бұл қызметті басқа қалаларда енгізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, баланың тууын салтанатты тіркеуді енгізу жоспарлануда.  Қазірдің өзінде туу туралы куәліктерді жеткізу және оларды ата-аналарына тікелей перзентханаларда табыстау бойынша Астананың медициналық мекемелерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Елордадағы пилоттық жоба сұранысқа ие болған жағдайда, жоба ауқымы кеңейетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде «Азаматтарға арналған үкіметке»  азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.