Баянауылда бір демде 5 мың адам демала алатын 50-ден аса туристік нысан бар

0 14

 Жасыбай көлінің жағасы туристерді қабылдауға дайын. Алдағы сенбі, 15 маусымнан бастап демалыс аймағында жазғы туристік кезең ашылады.

Баянауыл курорттық аймағында бір демде 5 мың адам демала алатын 50-ден аса туристік нысан бар. Таулы өлкеде 13 негізгі туристік маршрут және 68 көрнекі орын жұмыс істейді. Былтыр Жасыбай демалыс аймағына шамамен 120 мың адам келген.

Туризм
Фото: Валерий Бугаев

Павлодар облысы әкімдігінің ақпарынша, туристік саланы дамыту жөніндегі 2028 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасы бекітілді. Онда 8,5 млрд теңгеге 17 инвестициялық жобаны және 12,3 млрд теңгеге 7 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру бойынша іс-шаралар көзделген. Баянауылдағы туристік әлеуетті одан әрі дамыту үшін Павлодар облысының әкімдігі мен ERG арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 3 жобаның сметалық құжаттамасы әзірленді. Олар — Баянауыл кентінде Ұлы Отан соғысы батырларына арналған стелла бойындағы жаяу-серуендеу аймағын қайта жаңарту, Сабындыкөл көлінің жағалауы мен жағажайын қайта жаңарту, туристерге арналған музейі бар орталық салу.

Туризм
Фото: Валерий Бугаев

Бұған қоса ауданда дене шынықтыру-сауықтыру орталығын ашу көзделген. Келешекте аудан орталығында шаңғы-роллерлік трасса, шипажай салу, хостелі бар ірі заманауи жанармай құю стансасын тұрғызу сияқты жоспарлар да бар.

Еске сала кетейік, елімізде туризм саласынан бюджетке түсетін салық түсімдері 450 млрд теңгені құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.